KzTrack.Kz » Казакша андер » ШYNGYS - Капюшон

ШYNGYS - Капюшон

Скачать эту ШYNGYS - Капюшон песню в высоком формате. Краткая информация о песне (128 кб / с, 2,69 MB)
ШYNGYS - Капюшон
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 429
  • Размер: 2,69 MB
  • Длительность: 2:55
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 08.05.2021
Текст песни: ШYNGYS - Капюшон
Қайырмасы:
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер.
Балапан ұясынан безген,
Іздейд жылу түзден.

Ақ парақ жатыр алдымда,
Қараңғы бөлме шабыт айналған марқұмға.
Жүрек ештеңе сезбейді көкіректе тундра,
Еріндерім күлседағы жанарымда мұң бар.

Ұрлау ұят емес нәтижесінде тоқ болсаң
Жеке ұшақпен Бали араладарына қонсаң.
Жақындарың бақытты жоқшылық дегенді ұмытса,
Аптасына жеті күн мейрам, жеті күн бармицва.

Әділдік деген жерұйық,
Өмір өзен дейтін болсақ түбі тесілген қайық.
Қатігездік табиғатымыз оның несі айып?!
Сен емес Құдай шешед кімнің неге екенін лайық.

Қайырмасы:
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер.
Балапан ұясынан безген,
Іздейд жылу түзден.

Қытайға сатылмасын жер
Деп байбалам саласың бірақ басыңда жоқ пәтер.
Өгей әкенің ұлдары, көнбеске амал қалмады
Өртеп жатқан өзегімді надандығымның салдары.

Су ішкен құдықты ластап іздейміз тағы тазасын,
Алыстадық бірақ жақындатады жақын қазасы.
Айнаға қарауға бет жоқ, өзіңнен өзің қашасың,
Қара капюшон өкпемде қаламның лас ауасы.

Ақын емеспін мүлдем бірақ ақындық болды арманым,
Бойымда арпалысады ұят пен қылығы баланың.
Қара шаңырақ алыстады есіп мұзды ызғарын,
Соңғы сөзім. Құрметпен, қазақ рэпінің ханы.

Қайырмасы:
Капюшонның астында көздер
Айтылмай қалған талай сөздер.
Балапан ұясынан безген,
Іздейд жылу түзден.