KzTrack.Kz » Казакша андер » Сатиев Аманкелді - Сен мұңайма

Сатиев Аманкелді - Сен мұңайма

Скачать эту Сатиев Аманкелді - Сен мұңайма песню в высоком формате. Краткая информация о песне (128 кб / с, 3,25 MB)
Сатиев Аманкелді - Сен мұңайма
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 408
  • Размер: 3,25 MB
  • Длительность: 3:32
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 30.04.2022
Текст песни: Сатиев Аманкелді - Сен мұңайма
Тең келер өзіңе жоқ басқалары
Бар бақытым өзіңнен басталады
Мендегі мына жұмыр, нәзік жүрек
Тек көңілсіз сәттерден жасқанады

Сен менің шуағымсың, төгілетін
Сенсіз мұңға жүрегім көмілетін
Сенің күлкің сыңғырлап тау суындай
Көңіліме гүл болып егілетін

Әлемде жоқ сендей мені түсінетін
Жарығын маған ғана түсіретін
Саған деген кіршіксіз махаббатым
Сыймай шіркін барады ішіме тым

Қызықбас дүниенің боғына да
Кірмейтін ондайлардың тобына да
Сен сондай білесің бе жақсы адамсың
Тоғыма да көнетін жоғыма да

Сен жайлы жазылады дастан әлі
Бұзылады қайғының тас қамалы
Сен мұңайма, себебі мына менің
Жанымның жанарынан жас тамады

Сенсіздіктен жүрегім жасқанады
Жоқ жүректің өзіңнен басқа адамы
Ғаламның сұлуларын жинаса да
Бола алмайды өзіңдей басқалары