KzTrack.Kz » Казакша андер » Дидар Қамиев - Ана өсиеті

Дидар Қамиев - Ана өсиеті

Скачать эту Дидар Қамиев - Ана өсиеті песню в высоком формате. Краткая информация о песне (128 кб / с, 6,81 MB)
Дидар Қамиев - Ана өсиеті
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 85
  • Размер: 6,81 MB
  • Длительность: 7:25
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 24.04.2022
Текст песни: Дидар Қамиев - Ана өсиеті
Бұл жалған қайтып келмейді-ай
Өгіз бір аттай желмейді-ай
Тарылып мына қу тыныс
Байлады тіл мен көмейді-ай
Науқасым жаман қарағым
Демегін мені өлмейді-ай
Баяғыдай дәрмен жоқ
Сөйлеуге шамам келмейді-ай
Баласы түзу ата-ана
Жаман болсын демейді-ай
Бірлігің болсын қарағым
Бірліксіз тірлік өнбейді-ай
Айналдырған ауыру
Өлімге мені меңзейді-ай
Ажал жетсе не шара?
Аман қыл сені, сендерді-ай

Қысылып шыққан қаңтардан
Бүршіксіз шыбық талдайсың
Қанатың әлі қатпаған
Сары ауыз балапандайсың
Он төртке жаңа толсаңдай
Жанботам маған нардайсың
Білмесең өзің, қарағым
Білгеннің тілін алғайсың
Басыңа қиын күн туса
Жанашыр таппай зарлайсың
Тындап ал балам ақылды-ей
Бұдан жаман болмайсың

Ата-ананың қадірін
Балалы болсан білерсің
Ағайынның қадірін
Жалалы болсаң білерсің
Жамандық қылсаң жақынға
Көрісе алмай жүрерсің
Үйірден безген сәуріктей
Жапанда жалғыз түнерсің
Тісі шыққан балаға
Шайнап бір берген ас болмас
Басына түссе, көрерсің

Сыйлап жүр әр бір пендені
Жете біл балам парқына
Көтеріп жүр ей кеуденді-ай
Көп ішінде шалқыма
Болсада қанша білімің
Бас ие жүр халқына
Қос інің бар, қарағым
Қарайлап жүр артыңа
Тигізбессің тіліңді
Әкең мен менің атыма-ай

Бөлінгенді бөрі жейд
Деген бір қазақ сөзі бар
Сырттай саған білдірмей
Аңдыған дұшпан көзі бар
Бір түйір дәнге таласпай
Үшеуін теңдей бөліп ал
Әр бір істің қарағым
Өз жөні мен жолы бар
Жаласада табанын
Итте бір күнін көре алар
Адам бол енді жан балам
Адам бол балам, тілімді ал

Бай болсаң балам тасыма
Кедей болсаң жасыма
Нелер бір келіп не кетпес-ай
Ер жігіттің басына
Қанағат қыл тәубә деп
Алдыңдағы асыңа
Тыңдап ал балам ақылды-ой
Көп болмаспын қасыңда
Болған іске болаттай
Бол деп ед анам жасымда
Деп кейін айта жүрерсің
Ақылың болса басыңда-ай

Келгенше балам қолыңнан
Жақсылығыңды балам асырған
Сөз ермесін соңыңнан
Жамандығыңды жасырғын
Ұрлық пен жалған-өтірік
Болмаған ата кәсібің
Болмашыға кетірмей
Қадірін жап-жас басыңның
Ел іші алтын бесік қой
Таусылмас балам нәсібің
Баласы еді өсірген
Дегізбе қандай кәпірдің
Адам бол енді жан балам
Сыйласаң ағын шашымның

Қолыңды сұқсаң сұраусыз
Егесіз жатқан бұйымға
Басыңнан балам арылмас-ай
Кез боларсың қиынға
Жаман атың бір шықса,
Қадірің қалмас ырымға
Ала алмайсың айырбастап
Дүниенің құнына
Болмашыға еліктеп
Кесірге жаман ұрынба
Тер төгіп тапқан дүниеңді-ей
Шашпағын бекер шығынға-ай

Ішімде кетті-ау арманым
Дүниенің білдім жалғанын
Көре алмай қызықтарыңды-ай
Арманда кетіп барамын
Осы үйдің ошақ, мал-жаның
Аманат қылып ал жаным
Сөндірмес балам отыңды
Ақылды болса алғаның
Жаста болсаң жан балам
Өзіңе арттым салмағын
Шаман келсе жылына (құрбандық)
Бір малды құрбан шал жаным
Келмесе шамаң қысылмай
Разы болсын әруағым
Көрерсің балам кезінде-ей
Тағдырдың басқа жазғанын

Айтқанымды ұмытпай
Адам бол қалайда
Дүние іздеп құнықпай
Есіңде болсын жарай ма?
ілінбесең қырсыққа-ай
Жетерсің балам талайға
Жақсы жаман ел-жұртқа-ай
Қарайлап өс маңайға
Күлкі қылма шешеңді-ей
Алты Ата шақшам Ұлы Жүз
Алпыс үйлі қанайға-ай
Күлкі қылма шешеңді-ей
Алты Ата шықшаң маңайын
Алпыс үйлі қанайға-ай
Е-е-е...