KzTrack.Kz » Казакша андер » Жігер Ауыпбаев, Қойшы бала - Ұстаз бен шәкірт әні

Жігер Ауыпбаев, Қойшы бала - Ұстаз бен шәкірт әні

Скачать эту Жігер Ауыпбаев, Қойшы бала - Ұстаз бен шәкірт әні песню в высоком формате. Краткая информация о песне (128 кб / с, 3,13 MB)
Жігер Ауыпбаев, Қойшы бала - Ұстаз бен шәкірт әні
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 16 989
  • Размер: 3,13 MB
  • Длительность: 3:24
  • Качество: 128 kbps
  • Дата релиза: 25.11.2021
Текст песни: Жігер Ауыпбаев, Қойшы бала - Ұстаз бен шәкірт әні
Жігер Ауыпбаев, Жігер Айдос
Ұстаз бен шәкірт әні


Шәкірт:

Жайлауда жүрген қойшы едім,
Ән салған жазық далада.
Артыңнан еріп мен сенің,
Қалаға келдім жан аға...

Ұстаз:

Қош келдің жүрек төріне,
Ауылдан келген бауырым.
Жанардан жасым төгіле,
Қуанып тұрмын жарығым.

Қ-сы

Көңілі дархан Қазағым,
Түспесін оттан қазаның.
Ауылдан келген балаңның,
Қабыл ал тәтті саз әнін.

Шәкірт:

Шарлайын өнер әлемін,
Қойшы деп маған қарама.
Ауылдың ыстық сәлемін,
Әкелдім аға қалаға!

Ұстаз:

Қойшы деп қалай құбылам,
Айтпаймын олай күнім-ау.
Қалада жүрген ұлылар
Ауылдан шыққан інім-ау!

Қ-сы

Көңілі дархан қазағым,
Түспесін оттан қазаның.
Ауылдан келген балаңның,
Қабыл ал тәтті саз әнін.