KzTrack.Kz » Казакша андер » Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген

Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген

Скачать эту Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген песню в высоком формате. Краткая информация о песне (80 кб / с, 988,55 KB)
Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген
Прослушать онлайн песню
Скачать песню
  • Слушали: 4 586
  • Размер: 988,55 KB
  • Длительность: 1:40
  • Качество: 80 kbps
  • Дата релиза: 09.10.2021
Текст песни: Мұқағали Мақатаев - Бақыт деген
Мұғалима бізге бақыт туралы шығарма жаздырды.
Бақыт деген не екенін мен қайдан білейін...»
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің,

Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің.
Бақыт жайлы менің мынау білгенім.
Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң.

Бақытты сол - тәрік етіп түндерін,
Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім.
Бақыт деген - әркімдерде бір арман,
Сол арманның шыққан жері құмардан.

Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір,
Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң.
Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала,
Бірақ, балам, мынаны естен тастама:

Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң,
Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!
Бақытың - мен, бақытым деп біл мені,
Мені білсең, бақытыңды білгенің.

Ал мен үшін ең бақытты күндерім -
Балам, саған бақыт іздеп жүргенім!